«Дүниежүзілік сайлау күні: сайлаушы сенімі – басты назарда»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Дүниежүзілік сайлау күні аясында тұрғындармен «Сайлаудың ашықтығы» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – азаматтарға Қазақстан Республикасының сайлау жүйесінің негіздерін түсіндіру, сайлау туралы заңнамада көзделген жалпыға бірдей және тең сайлау құқығының маңызын ашу, сондай-ақ әрбір азаматтың мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысу құқықтарын кеңінен насихаттау болды.

Кездесу барысында сайлауға қатысудың азаматтық жауапкершілік пен демократиялық қоғам қалыптастырудағы рөлі ерекше атап өтілді.
Тұрғындар тарапынан сайланбалы қызметтердің өкілеттік мерзімдері, оларға қойылатын біліктілік талаптары мен кандидаттарды ұсыну тәртібі бойынша қойылған сұрақтарға қолданыстағы заңнама аясында нақты әрі түсінікті жауаптар берілді.

Аталған іс-шара сайлау үдерісінің ашықтығын арттыруға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеруге және сайлаушы сенімін нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov/press/news/details/1152930?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version