Елордада «Құқықтық дәріхана» және «Халық заңгері» акциялары өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

    Астана қаласы Нұра ауданының прокуратурасы уәкілетті органдармен бірге «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығында «Құқықтық дәріхана» және «Халық заңгері» – «ашық диалог» форматында азаматтарды қабылдау акцияларын өткізді.

    Негізгі мақсаты – азаматтарға тегін құқықтық кеңес беру, өзекті мәселелерді шешуде жедел көмек көрсету, сондай-ақ жүйелі мәселелерді анықтау.

    Іс-шара барысында азаматтардың құқықтарын түсіндіріп, тұрғын үй, еңбек және қылмыстық құқық саласындағы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша кеңес берілді. Ведомствоаралық өзара іс-қимылды талап ететін шағымдар талданып, оларды одан әрі қарау тәртібі бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.

    Әртүрлі құқықтық мәселелер бойынша 300-ден астам азаматтар қабылданды.

    Бұл іс-шара «кері байланыс» орнату арқылы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және мәселелерді жедел шешуге ықпал етеді.

 Астана қаласының прокуратурасы

 

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1153032?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version