Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялар бойынша эпидемиологиялық қадағалау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялар науқастар мен медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігіне төнетін негізгі қауіптердің бірі болып қала береді.

 

Эпидемиологиялық қадағалау – бұл медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялар туралы деректерді жүйелі түрде жинау, талдау және интерпретациялау үдерісі, оның мақсаты – инфекцияларды ерте анықтау және алдын алу.

 

Бұл процесс инфекция жағдайларын үнемі бақылауды, қоздырғыштарды мониторингтеуді, тәуекелдерді бағалауды және профилактикалық шараларды сақтауды қамтиды.

 

Ең басты мақсат – инфекцияларды тек тіркеу емес, олардың таралуын болдырмау және науқастар мен медициналық қызметкердің денсаулығына әсерін азайту.

 

Эпидемиологиялық қадағалау нені қамтиды?

 

– медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекция жағдайларын тіркеу;

 

– қоздырғыштарды және олардың антибактериялық препараттарға төзімділігін мониторингтеу;

 

– қауіп факторларын талдау;

 

– инфекциялық қауіпсіздік шараларының сақталуын бақылау;

 

– кері байланыс және түзету іс-шараларын жүргізу.

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, тиімді эпидемиологиялық қадағалау және алдын алу бағдарламалары медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялардың жиілігін 30-70 %-ға төмендетуге мүмкіндік береді.

 

Антибиотиктерге төзімділікті бақылау антибактериялық препараттарды негізсіз қолдануды азайтып, өлім-жітім деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді. Белсенді қадағалау жүйесі бар медициналық ұйымдар инфекциялық өршулерді ертерек анықтап, оларды тезірек оқшаулайды.

 

Эпидемиологиялық қадағалау медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің негізгі элементі болып табылады. Ол дәлелді деректерге негізделген және формальды есеп жүргізуге емес, басқарушылық шешімдер қабылдауға, инфекциялардың алдын алуға және науқастардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1152518?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version