Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 89-тармағына сәйкес кеңес өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 29 қаңтарында Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 89-тармағына сәйкес кеңес өтті.

Кеңесте еліміздің барлық өңірлерінде әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтарға бөлінетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін біріздендіру мәселесі қаралды.

Іс-шараға денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, медициналық мекемелердің басшылары, қалалық емханалардың дәрігерлік-консультативтік комиссияларының төрағалары, сондай-ақ аудандық және қалалық бөлім басшылары мен жауапты мамандар қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-social/press/news/details/1153015?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version