Абай облысы білім басқармасының «Аягөз ауданы білім бөлімі» ММ оқу-ғылыми, ұйымдастырушылық-әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес, 2026 жылдың 30 қаңтар күні Аягөз ауданының жалпы білім беру мектептерінің пікірсайыс (дебат) клубы жетекшілеріне арналған аудандық әдістемелік отырыс «№1 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ базасында ұйымдастырылды.
Өту форматы:
қала мектептері – офлайн,
ауыл мектептері – онлайн (қашықтықтан).
Қатысқан педагогтер саны: 30
Отырыс барысында WSDF халықаралық пікірсайыс форматының ерекшеліктері, оның құрылымы, оқушылардың сыни ойлау, шешендік өнер, көшбасшылық қабілеттерін дамытудағы маңызы кеңінен талқыланды.
Пікірсайыс клубтары жетекшілеріне дебат сабақтарын тиімді ұйымдастыру, ішкі турнирлер өткізу, жарыстарға дайындық жұмыстарын жүйелеу бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді.
Сонымен қатар, 2025–2026 оқу жылының III тоқсанына арналған жұмыс жоспары айқындалды.
Ауыл мектептерінің дебат клубтарының қашықтықтан қатысу мүмкіндіктері, онлайн платформаларды тиімді пайдалану жолдары қарастырылды.
Отырыс қорытындысы бойынша пікірсайыс клубтарының жұмысын жүйелі жүргізу, WSDF форматын сабақтар мен үйірме жұмыстарында тұрақты қолдану, дарынды оқушылармен мақсатты жұмыс жүргізу жөнінде ұсыныстар қабылданды.
Қатысушылар тәжірибе алмасып, өзара пікір бөлісті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1152936?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау