Қадірлі жерлестер!
Бүгін Көкпекті ауылының «Аламан» базары аумағында өткен Үлкенбөкен ауылдық округінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне арнайы барып, жұмысымен таныстым.
Жәрмеңкеде тұрғындар үшін қолжетімді бағамен ет, балық, сүт өнімдері, шұжық түрлері мен көкөністер ұсынылды. Сапалы әрі табиғи өнімдерге халық тарапынан сұраныстың жоғары екенін байқадық.
Айта кету керек, мұндай жәрмеңкелер әр апта сайын сенбі күндері осы орында тұрақты түрде өткізілетін болады. Сонымен қатар, басқа ауылдық округтерден келген кәсіпкерлерге де өз өнімдерін еркін саудаға шығаруға мүмкіндік беріліп отыр.
Бұл бастаманың басты мақсаты:
-
азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру;
-
жергілікті тауар өндірушілерді қолдау;
-
тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді өніммен қамтамасыз ету.
Алдағы уақытта да осындай тиімді әрі халыққа пайдалы шаралар жалғасын табатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kokpekti/press/news/details/1152459?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау