Экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасының тапсырмасына сәйкес Қарғалы өзенінің арнасын реконструкциялау жұмыстары жалғасуда.
Жоба Жандосов көшесінен Рысқұлов даңғылына дейінгі аралықты қамтиды. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың мамыр айында басталып, 2026 жылдың шілдесінде аяқталады деп жоспарланған. Жұмыстың барысын көзбен көру үшін Экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы Серік Бикенұлы Әділбаевпен бірге нысанға барып, тексеріп қайттық. Алайда ексеру барысында жұмыс қарқынының жоспардан кешігіп жатқаны, сондай-ақ қыс мезгілінде өзен арнасын қабыршықты мұздан тазалау жұмыстарының тиісті деңгейде ұйымдастырылмағаны анықталды. Мердігер ұйым — «Павлодарский речной порт» ЖШС-не ескертулер беріліп, жұмыстарды жеделдету және өзен арнасын талапқа сай күтіп-ұстауды қамтамасыз ету міндеттелді. Алдағы уақытта жағдай өзгермеген жағдайда, қолданыстағы заңнама аясында өзге де шешімдер қарастырылатын болады. Бұл мәселе тұрақты бақылауда.
Біз үшін ең бастысы — жұмыстардың сапалы, уақтылы орындалып, қала тұрғындары үшін нәтиже беру, жайлы орта қалыптастыру.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-nauryzbai/press/news/details/1152258?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау