Сарыағаш аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясының отырысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы талқыланды.
Отырысқа фракция мүшелері – аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Жиын барысында Конституция жобасының негізгі бағыттары, құқықтық мемлекетті нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселелері қаралды.
Фракция мүшелері ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар бойынша өз пікірлерін білдіріп, Конституция жобасының қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мен демократиялық институттарды дамытудағы маңыздылығын атап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстар мен пікірлер белгіленген тәртіппен жинақталып, тиісті органдардың назарына ұсынылатындығы айтылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/saryagash-maslihat/press/news/details/1153126?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау