Бүгін облыс әкімінің төрағалығымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылауға арналған жиын өтті.
Іс-шараға Сарыағаш аудандық мәслихатының төрағасы Рысбек Асылбекұлы, аудан әкімі Арман Абдуллаев, аудандық мәслихат депутаттары мен аудан активі бейнеконференц байланыс арқылы қатысты.
Жиын барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жан-жақты қаралды. Конституциялық комиссия құрамына енгізілген Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нуралы Әбішов Конституция жобасын әзірлеу бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады.
Талқылау барысында қатысушылар құқықтық мемлекетті нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге қатысты өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Жиын қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, Конституциялық комиссияның назарына жеткізілетіні атап өтілд
Сарыағаш аудандық мәслихат аппараты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/saryagash-maslihat/press/news/details/1153121?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау