ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Конституцияның жаңа преамбуласына қандай өзгерістер енгізілді?

Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңартылған преамбуласы еліміздің тарихи тамырын құндылық ретінде айқындап, қазіргі заманның негізгі қағидаттарын нақты белгілей отырып, болашаққа бағытталған стратегиялық ұстанымдарды бекітеді.

Жаңа преамбулада мемлекеттің даму бағыты, қоғамның басты құндылықтары мен ортақ жауапкершілік айқын көрініс тапқан.

Атап айтқанда:

🔹 Адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде жарияланды. Бұл – адам және оның қадір-қасиеті мемлекеттің басты құндылығы екенін айқындайтын маңызды қадам.

🔹 Бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық келісім мемлекеттілігіміздің берік негізі ретінде танылды. Бұл қоғамдағы тұрақтылық пен өзара құрметті сақтаудың басты кепілі.

🔹 Әділеттілік, Заң мен Тәртіп, табиғатты аялау сияқты құндылықтар соңғы жылдары қоғамдық сананың ажырамас бөлігіне айналып, алғаш рет Конституция деңгейінде бекітілді. Бұл – жауапты мемлекет пен саналы қоғам қалыптастыруға бағытталған шешім.

🔹 Алғаш рет Конституцияның кіріспесінде мемлекеттілігіміздің тарихи жолы мен өркениеттік бастаулары нақты көрсетіліп, ұлттық болмыс пен тарихи сабақтастыққа ерекше мән берілді.

Жаңартылған преамбула – бұл тек құқықтық мәтін емес, қазақстандық қоғамның ортақ құндылықтары мен болашаққа деген бірлескен ұмтылысын бейнелейтін маңызды құжат.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-shu/press/news/details/1152641?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version