Сай-Өтес ауылының тұрғындарымен «Қауіпсіз аула» жедел-профилактикалық іс-шарасы (ЖПІШ) аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шара барысында тұрғындарға аулалар мен көпқабатты үйлер аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, бөтен адамдарға сақ болу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрмыстық ұрлықтың алдын алу жолдары туралы кеңінен ақпарат берілді.

Сонымен қатар, тұрғындарға күмәнді жағдайлар туындаған кезде құқық қорғау органдарына дер кезінде хабарласудың маңыздылығы түсіндіріліп, қауіпсіз орта қалыптастыру – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі екені атап өтілді.

Мұндай профилактикалық шаралар тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және елді мекендерде қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған. Қауіпсіз аула – қауіпсіз қоғамның кепілі! 👮‍♂️

https://www.instagram.com/mangystau_polisia_bolimi/reel/DULQuxKCYvc/

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1152217?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version