СТУДЕНТТЕРГЕ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтауда «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында студенттер мен жазасын өтеуші жастар арасында онлайн кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және заң талаптарын түсіндіру.

Өткен жылы облыста кәмелет жасына толмаған 42 жасөспірімге қатысты қылмыстық іс тіркелген. Олардың басым бөлігі бұзақылық, ұрлық, топтасып төбелесу және бөтеннің мүлкіне қол сұғу деректері. Сондай-ақ қазіргі уақытта интернет-алаяқтықтың да саны артып отыр.

Кездесу барысында құзырлы орган өкілдері студенттерді қылмыстың бұл түрлерінен сақ болуға шақырып, заң талаптарын жан-жақты түсіндірді.

Жалпы студенттермен кездеу мақсатымыз – кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, оларға жауапкершілік заңды түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
– ⁠Сонымен қатар, қазіргі уақытта жазасын өтеп жатқан азаматтар студенттерге қателіктерін, қалай сотты болғандарын айтып, алдағы уақытта осындай қателіктерге жол бермеу жөнінде сөз сөйлейді.

https://www.instagram.com/qqb_polisia_dp_mang/reel/DUFS8laDBq0/

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1152222?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version