Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі еліміздің барлық аумағында цифрлық сот орындаушысын енгізді. Бұл қазақстандықтарға мемлекеттің кірісіне 20 АЕК-ке дейінгі (2026 жылы — 86 500 теңге) берешек бойынша жеке сот орындаушыларына 25% төлемеуге мүмкіндік береді.
Мұндай мүмкіндік жаңа жеңілдетілген өндіріс институты аясында ұсынылады. Барлық атқарушылық әрекеттер онлайн түрде цифрлық сот орындаушысы арқылы жүзеге асырылады.
20 АЕК-ке дейінгі айыппұлдар азаматтардан Атқарушылық іс жүргізудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (ГАИСИП) арқылы өндіріледі.
Жеңілдетілген іс жүргізу (20 АЕК-ке дейін) қозғалғаннан кейін азаматтар 1414 нөмірінен SMS және EGov Mobile қосымшасында істің егжей-тегжейі көрсетілген push-хабарлама алады. Хабарламада жеңілдетілген өндірісті қозғау туралы қаулымен танысуға және жүктеп алуға арналған сілтеме болады.
Борышкер өндіріс қозғалған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде берешекті өтеуі тиіс. Төлем түскен жағдайда, ГАИСИП жүйесінде жеңілдетілген өндіріс тоқтатылады. Сонымен қатар, қолданылған мәжбүрлеп орындату шараларының күші жойылады.
Жеңілдетілген өндіріс барысында жеке сот орындаушысының қызметі үшін төлем алынбайды. Егер борышкер 30 күн ішінде берешекті өтемесе, атқарушылық құжат автоматты түрде сот орындаушыларына бөлінеді.
Жеңілдетілген іс жүргізу шеңберінде мынадай қамтамасыз ету шаралары қолданылады:
1. банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы ақша қаражатына тыйым салу (арест);
2. борышкерге мүлікке билік ету бойынша белгілі бір әрекеттер жасауға тыйым салу.
Жеңілдетілген өндіріс мына жағдайларда тоқтатылады:
1. атқарушылық құжаттың талабы толық көлемде орындалса;
2. атқарушылық құжат берілген негіз болған тиісті органның шешімі жойылса.
Берешекті төлеу ГАИСИП-пен интеграцияланған төлем жүйелері арқылы жүзеге асырылады.
Жеңілдетілген іс жүргізу тоқтатылған жағдайда, аумақтық орган ГАИСИП жүйесінде дереу тиісті қаулы шығарады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1152722?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау