Сырдария ауданына жұмыс сапары барысында Департамент бастығы аудандық полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Ергешов Серік Жүрсінбайұлы жұмыс сапарымен облыстың бірқатар аудандарында болды. Сапардың негізгі мақсаты — қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды бағалау және өзекті мәселелерді талқылау. Бүгінгі Сырдария ауданына жұмыс сапары барысында Департамент бастығы аудандық полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесті. Құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың өтініштері мен арыздарын уақтылы әрі сапалы қарау мәселелеріне ерекше назар аударды. Серік Жүрсінбайұлы полицияның беделі мен мәртебесіне нұқсан келтіретін қандай да бір олқылықтардың алдын алу мәселелеріне де тоқталды. Сондай – ақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне маңызды міндеттер жүктеп, сала жұмысын жетілдіруді тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1152265?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version