Шымкент қаласының полиция департаменті 2024 жылғы сәуір айында бастау алған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қала аумағында тәртіп пен тазалықты қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеді.
Акция аясында полиция қызметкерлері белгіленбеген жерде қоқыс тастау деректерін анықтап, абаттандыру талаптарын бұзған азаматтарды жауапкершілікке тарту бағытында рейдтер ұйымдастыруда.
Аталған жұмыстар нәтижесінде қоғамдық орындарды ластағаны және абаттандыру ережелерін сақтамағаны үшін 67 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Сонымен қатар қала аумағында 96 заңсыз қоқыс орны анықталды. Бұл деректер бойынша жергілікті атқарушы органдарға тиісті ұсыныстар енгізіліп, қазіргі таңда стихиялық қоқыс орындарын жою шаралары жүзеге асырылуда.
Бұдан бөлек экологиялық талаптарды сақтамаған 120 жүк көлігі тіркеліп , олардың 19-ы айып тұрағына қойылды.
Полиция қала тұрғындары мен қонақтарын қоршаған ортаны қорғау заңнамасының талаптарын сақтауға, сондай-ақ қоғамдық тәртіп нормаларын бұзбауға шақырады. Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1152762?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау