Төмен температураның өнеркәсіп қызметкерлеріне әсері

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыскерлерінің суық тиюінің және кәсіптік аурулардың дамуының алдын алу мақсатында жұмыс орындарындағы ауа температурасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығымен бекітілген «Адамға әсер ететін физикалық факторларға қойылатын гигиеналық нормативтердің» (бұдан әрі – ГН) талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Өндірістік объектілердегі жұмыс жағдайларын сақтау талаптары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 3 тамыздағы № ҚР ДСМ-72 бұйрығымен бекітілген «Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларымен (бұдан әрі – СҚ) регламенттеледі. Осы қағидаларға сәйкес, суық шығарумен қатар жүретін және жұмыс орындарындағы микроклиматтық жағдайлардың нашарлауына әкелетін өндірістік процестер болған жағдайда, жұмыс істеушілердің қысқа мерзімді демалуы және олардың жылу күйін қалыпқа келтіруі үшін үй-жайлар ұйымдастырылуы тиіс. Сондай-ақ, терінің (бет, қол басы, табан) жергілікті температурасын тезірек қалпына келтіру үшін жергілікті сәулелі және конвекциялық жылыту аспаптары мен құрылғылары қарастырылуы тиіс, ал ауа температурасы +10 °C-тан төмен болған жағдайда жұмысшылар ыстық шаймен қамтамасыз етілуі керек.

ГН және СҚ бұзудың салдары:

–   Суық тию және үсу;

–   Буын, арқа, тыныс алу жолдары ауруларының асқынуы;

–   Зейіннің төмендеуі → жарақаттанудың артуы;

–   Созылмалы кәсіптік аурулар (суық тию ауруы, невриттер және т.б.).

Төмен температура жағдайында жұмыс істеу жұмыскерлердің қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етуге байыпты қарауды талап етеді. Жеке және ұжымдық қорғану ережелерін сақтау, қызметкерлердің жай-күйін бақылау және қолайлы еңбек жағдайларын ұйымдастыру суық тию қаупін және онымен байланысты ауруларды азайтуға көмектеседі.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес, жұмыс беруші жұмыскерлер арасында денсаулықты нығайту және аурулардың алдын алу үшін қолайлы жағдайлар жасауға міндетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1152896?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version