Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен, Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің қолдауымен «Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа» ақпараттық жүйесін одан әрі дамыту мәселелеріне арналған кеңес өтті.
Іс-шараға аталған екі ведомствоның төрағалары, жасанды интеллект және цифрлық даму жөніндегі вице-министр, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның басшылығы қатысты.
Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа инвестициялық жобаларды нақты уақыт режимінде сүйемелдеуді қамтамасыз етіп, адами фактордың ықпалын барынша азайтуға және мемлекет пен инвестор арасындағы өзара іс-қимылдың барлық кезеңдерінде ашықтықты арттыруға мүмкіндік беріп отыр.
Кездесу барысында платформаны қарапайым мониторинг құралынан инвестицияларды сүйемелдеудің толыққанды операциялық жүйесіне айналдыру мәселелері талқыланды.
Инвесторлардың құқықтарын проактивті түрде қорғау, тәуекелдерді ерте анықтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін жасанды интеллект технологияларын енгізуге, сондай-ақ «Цифрлық қадағалау» ақпараттық жүйесімен интеграциялау мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шараның қорытындысы бойынша тараптар ведомствоаралық өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге дайын екендерін білдіріп, инвесторлардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай цифрлық экожүйесін қалыптастыру бағытында бірлескен жұмысты жалғастыру туралы уағдаласты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzpi/press/news/details/1152739?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау