«Заң мен тәртіп» – жастар санасындағы басты құндылық

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 30 қаңтар күні «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында арнайы түсіндірме бағытындағы видеоролик түсірілді.

Аталған бастаманың басты мақсаты – қоғамда заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы түсінігін арттыру, сондай-ақ құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізу болып табылады. Сонымен қатар бейнематериалда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктің маңыздылығы кеңінен қамтылып, әрбір тұрғынның жауапкершілігі айқын көрсетілді.

Видеоролик мазмұнында күнделікті өмірде жиі кездесетін құқықтық жағдайлар, заң талаптарын сақтамаудың салдары және олардың қоғамға тигізер кері әсері нақты мысалдар арқылы көрсетілген. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай форматтағы ақпараттық өнімдер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, тәртіпті сақтаудың маңызын саналы түрде қабылдауына ықпал етеді.

Іс-шара барысында түсірілген материал аудан тұрғындары арасында кеңінен таратылады деп жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыруға, заңға бағынатын қоғам қалыптастыруға және азаматтардың белсенді азаматтық ұстанымын нығайтуға бағытталған.

Мойынқұм ауданында құқықтық тәрбие беру, профилактикалық жұмыстар жүргізу және жастармен жүйелі түрде ақпараттық-түсіндіру шараларын өткізу алдағы уақытта да тұрақты жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1152986?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version