Қарағанды облысының Діни бірлестіктер клубының отырысы өтті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы жаңа Конституция жобасын жоспарланып отырған өзгерістер және олардың мемлекет пен дін қатынастары саласына ықпалы талқыланды.
Отырыста конституциялық реформалардың негізгі мақсаттары, атап айтқанда құқықтық мемлекетті нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Талқылау барысында діни саладағы негізгі конституциялық қағидаттар өзгеріссіз қалатыны, оның ішінде ар-ождан бостандығы, заң алдындағы теңдік және мемлекеттің зайырлы сипаты сақталатыны атап өтілді.
Сондай-ақ зайырлылық қағидатын нақтылау діни бірлестіктердің заңды қызметіне және азаматтардың құқықтарына шектеу қоюды көздемейтіні, керісінше мемлекет пен діни ұйымдардың өкілеттіктерін нақты айқындауға, діннің саясилануына жол бермеуге және дінаралық келісімді нығайтуға бағытталғаны айтылды.
Отырыс қорытындысы бойынша діни бірлестіктермен өзара диалогты жалғастыру және түсіндіру жұмыстарын одан әрі жүргізудің маңыздылығы атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-din/press/news/details/1153141?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау