КЕНТАУЛЫҚ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
Кентау қаласында көпбалалы аналарды марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты жиынға аудан әкімі Жандос Тасов арнайы қатысып, аналарға мемлекет тарапынан берілетін «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін табыстады Шара барысында 3 ана «Алтын алқа», ал 9 ана «Күміс алқа» төсбелгісіне ие болды.
Сонымен қатар, марапат иелеріне арнайы куәліктер табысталып, аудан әкімдігі атынан естелік сыйлықтар берілді. Аудан әкімі өз сөзінде көпбалалы аналардың қоғамдағы рөлі ерекше екенін атап өтіп, елдің демографиялық дамуына қосып отырған үлестері үшін алғыс білдірді. Айта кетсек, бүгінде Кентау қаласы бойынша 516 – «Алтын алқа», 1 147 – «Күміс алқа», 21 – «Батыр ана», 41 – І және ІІ дәрежелі ана даңқы төсбелгісінің иегері мен 4 595 көпбалалы ана бар.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
_________
НАГРАЖДЕНЫ МНОГОДЕТНЫЕ МАТЕРИ КЕНТАУ
В городе Кентау состоялась церемония награждения многодетных матерей. В торжественном мероприятии принял участие аким района Жандос Тасов, который вручил мамам нагрудные знаки «Алтын алқа» и «Күміс алқа», в ходе которых 3 матерей получили нагрудные знаки «Алтын алқа», а 9 матерей – «Күміс алқа».
Обладателям наград были вручены специальные удостоверения, от имени акимата района были вручены памятные подарки. В своем выступлении аким района отметил особую роль многодетных матерей в обществе и поблагодарил за вклад в демографическое развитие страны. Стоит отметить, что на сегодняшний день по городу Кентау насчитывается 516 обладателей нагрудных знаков «Алтын алқа», 1 147 – «Күміс алқа», 21 – «Мать – героиня», 41 обладатель нагрудных знаков материнской славы I и II степени и 4 595 многодетных матерей.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1153028?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау