ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФУТЗАЛ ТУРНИРІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту және жасөспірімдерді спортқа баулу мақсатында Сауран ауданында Абдулаков Абдужаппар Абдуллақұлын 85 жасқа толуына орай жасөспірімдер арасында халықаралық футзал турнирі ұйымдастырылды. Аталған жарыс Абдулаковтар әулетінің қолдауымен өткізілді.
Турнирге барлығы 14 команда қатысып, түрлі өңірлерден және Қырғызстан Республикасынан келген жас спортшылар өзара бақ сынады. Атап айтқанда, жарысқа Арыс, Түлкібас, Төлеби, Жуалы, Сарағаш, Түркістан, Кентау, Қазығұрт, Ораңғай командасы, Мырзакент, Талас командалары, сондай-ақ Қырғызстаннан келген команда қатысты.
Турнирдің ашылу салтанатына Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Баймахан Сүлейменов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Аудан әкімінің орынбасары жасөспірімдер спортын дамыту, спорттық жарыстарды тұрақты түрде ұйымдастыру және жастардың бос уақытын тиімді өткізу бағытындағы жұмыстардың маңызын атап өтті.
Жарыс барысында командалар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, спорттық бәсеке талаптарына сай ойындар өткізді. Турнир жас спортшылардың тәжірибе жинақтауына, өзара ынтымақтастықты арттыруға және спорттық шеберлікті жетілдіруге мүмкіндік берді.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
 
 
 
 
 
 
 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1152299?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version