«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында 2026 жылдың 30 қаңтарында құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Адель Кикимова Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары колледжінің 3-курс студенттері арасында «Заңнаманы білу — құқықтық мәдениеттің негізі» тақырыбында зияткерлік ойын өткізді.
Іс-шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Зияткерлік ойын барысында студенттер Қазақстан Республикасы Конституциясы, әкімшілік, азаматтық және отбасылық заңнама негіздері, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін нормалар бойынша білімдерін көрсетті.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1152336?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау