🔰 РЕФОРМА: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін, “Zoom” қосымшасы арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Ертаев Асқарбек Маратұлының төрағалығымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылау және түсіндіру бойынша кеңес өтті.
 
Маңызды кеңеске Министрлік өкілдері, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің аумақтық департаменттерінің және «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-ның аумақтық филиалдарының басшылары мен қызметкерлері қатысты.
 
Кеңес барысында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Ертаев Асқарбек Маратұлы еліміздегі конституциялық реформаны іске асырудың негізгі басым бағыттарын айқындап, оның мемлекетті дамытудағы маңызына түсіндірме бере отырып, бұл өзгерістер демократиялық басқаруды дамытуға және құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтуға негіз болатындығын тарқатып өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1153904?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version