09.01.2026 ж. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Алматы облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаменті РММ басшысының орынбасары Ботабекова Г.Ж. қатысуымен кеңес өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Күн тәртібі:
1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары.
2.2025 жылдың 12 айы ішінде 031/у нысаны бойынша негізсіз жолданған науқастарға жүргізілген талдау.
3.2025 жылдың 12 айы ішіндегі медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) бойынша талдау: мүгедектік тобын белгілеу және ИПАР әзірлеу.
4.Сырттай-проактивті куәландыруға арналған 031/у нысанын сапалы рәсімдеу.
 
Кеңес барысында медициналық-әлеуметтік сараптамаға (МӘС) жолдау мәселелері бойынша сұрақтар көтеріліп, дәрігерлердің қойылған сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.
Сондай-ақ сырттай-проактивті куәландыруға арналған 031/у нысандарын сапалы толтыру мәселелері талқыланды.
 
Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №260 бұйрығымен бекітілген медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) жүргізу қағидаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша тармақтар қаралды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1154161?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version