Әлеуметтік салық бойынша жаңашылдықтар туралы
Жаңа Салық кодексінде әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдар арасындағы өзара байланыс алып тасталды.
Осыған байланысты әлеуметтік салықтың жеке мөлшерлемесі 6 % деңгейінде белгіленді.
Сондай-ақ, бұрын жеке табыс салығы мөлшерлемесін 70 %-ға төмендету көзделген санаттардың орнына әлеуметтік салықтың өзге мөлшерлемелері белгіленді:
• ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін – 1,8 %;
• жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары үшін – өзі үшін 0,6 АЕК, қызметкерлері үшін – 0,3 АЕК.
Арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін әлеуметтік салықтан босату көзделген, оның ішінде:
• өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар;
• оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданушылар;
• шаруа немесе фермер қожалықтары.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/1153764?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау