Аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
02.02.2026 күні аудан әкімі Алмас Абдинов аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдау барысында 12 азаматтың өтініштері тыңдалды, оның ішінде 1 азамат онлайн форматта қатысты.
Тұрғындар тарапынан әлеуметтік көмек көрсету, тұрғын үймен қамту, электр энергиясына қатысты түйткілдер, сондай-ақ жеке сипаттағы мәселелер көтерілді. Әрбір өтініш жан-жақты қаралып, қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер берілді.
Қабылдау қорытындысы бойынша жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеліп, бірқатар мәселелер сол мезетте оң шешімін тапты.
Көтерілген барлық мәселелер аудан әкімінің жеке бақылауына алынды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1153441?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау