Ел болашағы үшін маңызды реформа

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Конституциялық реформа – ел дамуының жаңа кезеңі

          Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформа – мемлекет басқару жүйесін жаңғыртуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуге бағытталған маңызды қадам. Реформа халықтың сұранысын ескере отырып, әділетті, ашық және тиімді мемлекеттік басқару қағидаттарын нығайтуға негізделген.

       Конституциялық өзгерістер билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейтіп, Парламент пен мәслихаттардың рөлін арттыруды көздейді. Бұл жергілікті өкілді органдардың халық мүддесін қорғаудағы жауапкершілігін күшейтіп, азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігін кеңейтеді.

       Аталған реформа – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың нақты көрінісі. Әрбір қазақстандықтың пікірін ескеретін, заң үстемдігі мен әділеттілікке негізделген қоғам қалыптастыру – басты мақсат.

      Мәслихат алдағы уақытта да конституциялық реформаны іске асыруға бағытталған бастамаларды қолдап, жергілікті деңгейде қабылданатын шешімдердің сапасын арттыруға, тұрғындармен кері байланысты нығайтуға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қоса беретін болады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-maslihat-beineu/press/news/details/1153720?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version