Фискалдық бақылаудан сервистік модельге және цифрлық кеңестерге көшу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

         Ағымдағы жылғы 30 қаңтарда ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Алқасының кеңейтілген отырысы өтті. Кездесудің негізгі тақырыптары 2025 жылдың қорытындысы және 2026 жылы салық төлеушілердің қызметін жеңілдетуге бағытталған жаңа цифрлық сервистерді іске қосу болды.
          Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» тапсырмаларын орындау, сондай-ақ ҚР Үкіметінің іс-қимыл жоспарын іске асыру аясында Мемлекеттік кірістер комитетіне жаңа стратегиялық бағдарлар айқындалды.
          МКК төрағасы Жандос Дүйсембиев МКК-нің негізгі басымдығы ретінде салықтық әкімшілендірудің сервистік моделіне түбегейлі көшуді атап өтті.

        «Адал бизнес әкімшілендіруге емес, уақытын дамуға жұмсауы тиіс. Сондықтан негізгі басымдық постбақылаудан алдын алу мен түсіндіру, бағыт-бағдар беруге ауысады. Дәл осы міндетті Премьер-Министр алдымызға қойды” – деп атап өтті Жандос Дүйсембиев.

     2026 жылдың негізгі бастамалары

  1. «Таза парақтан бастауды» реттеу, шағын және микробизнесті қолдау тетіктерін іске қосу.
    Рәсімдерді оңайлату, ақпан айында өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару қағидалары, сондай-ақ кәсіпорындарды таратудың оңайлатылған тәртібі қабылданатын болады.
  2. Жобалық офис.
    Бизнестің жаңа Салық кодексінің нормаларына жеңіл көшуі үшін арнайы алаң құрылды.
  3. Цифрлық трансформация және жасанды интеллект.
    Комитет күнделікті процестерді автоматтандыру үшін жасанды интеллектті белсенді түрде енгізуде. Бүгіннің өзінде SalyqBot пен eGov Mobile жүйелерінде ЖИ-агенттер іске қосылды, банк сервистерімен интеграция кеңейтілуде.
  4. «Инновациялар зертханасы». Өңірлердегі үздік кейстер

2025 жылы аумақтық департаменттер (МКД) серпінді ІТ-шешімдерді сынақтан өткізу алаңына айналды, бұл жақын уақытта бүкіл ел бойынша кеңінен енгізіледі:

  • ЖИ-көмекшілер. Байланыс орталықтарындағы Виртуалды кеңесшілер (Қостанай облысы) және AI-ассистенті бар «Salyq Vision» платформасы (Қарағанды облысы).
  • Мобильді шешімдер. СЭҚ қатысушыларына арналған «Цифрлық көмекші» қосымшасы (Түркістан облысы) және Алакөл туристік секторы үшін есептілікті цифрландыру (Абай облысы).
  • Білім беру және мәдениет. Қызметін жаңадан бастаған кәсіпкерлерді оқытуға арналған «TAX Starter.kz» интерактивті ойыны (Батыс Қазақстан облысы).
  • Ақылды мониторинг. Жылжымайтын мүлік құнын талдау, есепке алынбаған нысандарды және заңсыз коммерциялық қызмет тәуекелдерін анықтау үшін жасанды интеллектті қолдану (Алматы қ.), сондай-ақ сауда алаңдарын QR-мониторингтеу (Жамбыл облысы).

       «Жасанды интеллект модельдеріне негізделген әрбір серпінді жоба өңірге байланысты өз ерекшеліктеріне ие. Сонымен қатар, біздің міндетіміз — ең үздік шешімдерді бүкіл ел аумағында кеңінен енгізу», – деп қорытындылады МКК-нің төрағасы Жандос Дүйсембиев.

       2025 жылдың қорытындылары мен көрсеткіштері.
Сервистік бағытқа қарамастан, ведомство әкімшілендірудің жоғары тиімділігін көрсетуде:

  • Бюджет кірістері. Өткен жылмен салыстырғанда салықтық түсімдердің 3,5 трлн теңгеге немесе 17,7 %-ға өсуі қамтамасыз етілді.
  • Ірі бизнес. Ірі салық төлеушілерден түсетін түсімдер 18,2%-ға (7,7 трлн теңге) өсті.
  • Инфрақұрылым. Өткізу қабілеті жылына 5 млн автокөлікке дейін арттырылған 9 өткізу пункті жаңғыртылды.

       2026–2028 жылдарға арналған көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың Кешенді жоспары әзірленуде, оның негізіне әділ салық жүктемесі қағидаты алынған.

       2026 жылға арналған басымдықтар

Ағымдағы жылы Мемлекеттік кірістер комитеті келесі төрт бағытқа баса назар аударады:

  1. Салықтық және кедендік әкімшілендіруді толық цифрландыру.
  2. Проактивті сервистік модельді дамыту (қателік туындағанға дейін көмек көрсету).
  3. Big Data және жасанды интеллект негізіндегі тәуекелге бағдарланған бақылау.
  4. Көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендету.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1153342?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version