ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ЖЕҢІС: IMPACT OLYMPIAD – 2026

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Білім беру саласында кезекті айтулы жетістік тіркелді. Математика, физика және информатика пәндерінің мұғалімдері мен тренерлеріне арналған VIII Халықаралық IMPACT Olympiad додасында әріптесіміз Азаматұлы Жасұлан жоғары кәсіби шеберлік танытып, жүлделі қола медаль иегері атанды.
Осынау маңызды жеңіске орай Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ә. Әлденей Жасұлан Азаматұлын арнайы құттықтады. Ол ұстаздың білім беру саласындағы адал қызметі мен дарынды оқушыларды тәрбиелеу жолындағы қажырлы еңбегін ерекше атап өтіп, құрмет белгісі ретінде Алғыс хат пен 300 000 теңге сертификатын салтанатты түрде табыс етті.
Бұл беделді марапат — ұстаздың терең интеллектуалдық әлеуеті мен заманауи ғылымды меңгерудегі жоғары біліктілігінің айқын жемісі. Халықаралық аренада еліміздің білім саласындағы беделін асқақтатып, кәсіби биіктен көрінген Жасұлан Азаматұлын жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-nura/press/news/details/1154011?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version