«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылдың 2 ақпанында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың төрағалығымен конституциялық реформа мәселелері бойынша кеңес өткізілді. Онлайн кеңеске Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің басшылары қатысты.
Кеңес барысында Конституцияның негізгі жаңашылдықтары және құқықтық жүйені одан әрі жаңғыртудың негізгі бағыттары талқыланды. Заң үстемдігін нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге ерекше назар аударылды.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1153666?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау