Костряков ауылдық округінің әкімі Федоров ауданының “Костряков жалпы білім беретін мектебі” КММ түлектерімен “Менің кәсібім — мемлекеттік қызметші”тақырыбында түсіндіру іс-шарасын өткізді. Кездесу барысында оқушылар мемлекеттік қызмет органдары қызметінің негізгі бағыттарымен, мемлекеттік қызметке кіруге қойылатын талаптармен, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттерімен, сондай-ақ кәсіби және мансаптық өсу мүмкіндіктерімен танысты. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мемлекеттік қызметтің рөліне және жастардың болашақ мамандықты таңдауға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov-kostryakov/press/news/details/1154096?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау