Өңірде мемлекеттік рәміздерге арналған байқау өз мәресіне жетті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 5 желтоқсанда Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «СОЦKZ» қоғамдық қоры «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышым» атты облыстық эсселер мен бейнероликтер байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізді.

Байқауға облыстың әр өңірі мен қалаларынан 200-ден астам өтінім келіп түсті.

Номинация жеңімпаздары:

– «Әр жүректе патриотизм» – Қылышбек Нұржанар, Жарма ауданы;

– «Тәуелсіздіктің рәміздері – болашақтың негізі» – Жанымханова Балнұр, Мақаншы ауданы;

– «Жастар және ұлттық мақтаныш» – Кәденова Самал, Жарма ауданы;

– «Рәміздер – халық рухы» – Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты, Абай ауданы;

– «Мемлекеттік рәміздер – жастар өмірінде» – Шәкәрім атындағы №5 гимназия, Семей қаласы;

– «Менің елім – мақтанышым» – Отан Жансая, Мақаншы ауданы.

Жеңімпаздар мазмұнды эсселері мен сапалы бейнероликтері арқылы өздерінің Отанға деген сүйіспеншілігін және мемлекеттік рәміздерге деген құрметін жоғары деңгейде көрсете білді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhastar-basqarmasy/press/news/details/1153405?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version