Оралда полицейлер алаяқтықпен айналысқан күдіктіні қолға түсірді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Орал қаласы полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтықпен айналысқан күдіктіні ұстады. Анықталғандай, күдікті жәбірленушінің сеніміне кіріп, ұялы телефонды уақытша пайдаланамын деген сылтаумен несие рәсімдеп, 300 мың теңге көлеміндегі ақшалай қаражатты иемденген. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдікті өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция азаматтарды қырағылық танытуға және бөгде адамдарға ұялы телефондарын әрі жеке деректерін бермеуге шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zko/press/news/details/1154056?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version