ҚАЛА ӘКІМІ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА АЛҚА ТАБЫСТАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ҚАЛА ӘКІМІ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА АЛҚА ТАБЫСТАДЫ
 
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов алтын құрсақты аналармен кездесу өткізді. Кездесу барысында қала әкімі аналардың қоғамдағы айрықша орны мен ұрпақ тәрбиесіндегі өлшеусіз еңбегін атап өтіп, ел болашағы саналатын ұрпақ тәрбиелеудегі аналардың рөлі ерекше екенін жеткізді.
Жандос Қалмырзаұлы кездесу аясында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес бірқатар көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларын табыстады.
Шара соңында қала әкімі марапат иелеріне алдағы уақытта да аналарды қолдау бағытындағы жұмыстар жалғасын табатынын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1153499?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version