Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Алпысов Ермек Амантайұлы жұмыс сапарымен ауданымызға келді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сапар барысында Ермек Амантайұлы «Бұғылы» рекреациялық аймағы, Қарқаралы–Талды бағытындағы 5,5 шақырымдық автожол, кәріз суларын тазалау ғимаратының құрылысы, Қарқаралы қаласында жаңадан салынған өндірістік кешен, сондай-ақ «Жарлы–Қарқаралы» су жүйесінің сорғы станциясы нысандарында болып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Кездесу барысында туындаған мәселелер аудан басшыларымен бірге талқыланды.

Сонымен қатар, «Qarmet» АҚ өкілдерімен «Шахтер» демалыс үйінің аумағында кездесіп, туристік саланы дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қарастырылды.

Сапар қорытындысында аудан әкімдігінде сала басшыларының қатысуымен жобаларды қаржыландыру мәселелері бойынша жиын өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-karkaraly/press/news/details/1153553?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version