Қазақстанда жаңа Конституцияның жобасы таныстырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасын жариялады. Құжат eGov және eOtinish порталдарында орналастырылған және қоғамдық талқылауға шығарылған. Жаңа Негізгі Заң жобасы азаматтардың, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардың ұсыныстарын жан-жақты талдау, ашық қоғамдық талқылаулар және жаңа нормалар мен ережелерді егжей-тегжейлі пысықтау нәтижесінде әзірленді. Реформа қалай қалыптасты Конституциялық реформаның бастапқы нүктесі ҚР Президенті ҚасымЖомарт Тоқаевтың Қазақстанда бір палаталы парламент құру туралы бастамасы болды. Ол бұл идеяны 2025 жылдың 8 қыркүйегінде жыл сайынғы ел халқына Жолдауында айтты. Бастама жасанды интеллект дәуірінде Қазақстанның саяси жүйесін және одан әрі әлеуметтікэкономикалық даму құралын кешенді қайта жаңғырту бөлігі ретінде ұсынылды. 8 қазанда парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобын құру туралы өкімге қол қойылды. Реформа бойынша жұмыс шамамен алты айға созылды. Осы уақыт ішінде жұмыс тобы азаматтардан 2 мыңнан астам ұсынысты қарап, қорытындылады. 2026 жылғы қаңтардағы Ұлттық құрылтайдың V отырысында президент атқарылған жұмыстарды қорытындылап, болашақ өзгерістер туралы өз көзқарасын ұсынды. ҚасымЖомарт Тоқаев бастапқыда Конституцияның 40-қа жуық бабына түзетулер енгізу көзделгенін атап өтті, алайда талқылау барысында өзгерістер нормалардың едәуір үлкен көлеміне және елдің саяси және әлеуметтік өмірінің көптеген аспектілеріне әсер ететіні белгілі болды. Конституциялық комиссия және оның құрамы 2026 жылдың 21 қаңтарында Конституциялық комиссия құрылды. Оның құрамына Ұлттық құрылтай мүшелері, заңгерлер, орталық мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, мәслихаттар төрағалары, өңірлік Қоғамдық кеңестер, сараптамалық және ғылыми қоғамдастықтар өкілдері қатарынан 130 адам кірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-monkebi/press/news/details/1153274?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version