Ағымдағы жылдың 26 қаңтар күні Жаңақорған кенті, Хорасан ата көшесіндегі дене шынықтыру сауықтыру спорт кешенінде әйелдер арасында гандболдан XIII-ші облыс біріншілігінің І айналымы басталды.
Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов сөз сөйлеп, ауданымыздағы қол добы спортының дамуы мен жетістіктерін атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
– “Өздеріңізге белгілі облысымыздың жастар және жасөспірімдерден құралған негізгі құрама команданың 80 пайызын Жаңақорған ауданының қыздары құрайды. Гандболдан
2 спортшы Сейітқасым Жанерке мен Ғалым Қызжібек ҚР ұлттық құрама команда сапында өнер көрсетсе, жастар құрамасында 5 спортшы, жасөспірімдер құрамасында 5 спортшы Қазақстан Республикасының намысын қорғап, әлемдік додаларда өнер көрсетуде. Аудан спортшылары республикалық және облыстық чемпионаттарда гандболдан Жаңақорған ауданының құрама командасы үздік үштіктен түспей келеді. Қазіргі таңда аудан бойынша 350 –ден астам спортшылар қол добымен тұрақты түрде шұғылдануда. Облыстық дарынды балалар спорт мектеп интернатында 7 спортшы гандбол бөлімінде оқиды. Облыстық «Қайсар» гандбол клубында штаттық 4 спортшы, жасөспірімдер құрамаларында жас ерекшеліктері бойынша 20 спортшысы қыздарымыз облыстың құрама сапында екендігі барлығымызды қуантады. Сондай ақ, облыстық жасөспірімдер құрама командасының аға жаттықтырушысы және Қазақстан Республикасының жасөспірімдер құрамасының жаттықтырушысы Кунанбай Салыбековке және өзге де жаттықтырушыларға алғысымызды білдіреміз” деді өз сөзінде.
Одан соң Қызылорда облысы гандбол федерацисының президенті Ким Вячеслав Чан Себовичке беріліп, Жаңақорған ауданы бойынша спорт саласындағы жетістіктерге тоқталды.
Айта кетейік, жарысқа Қызылорда қаласы және барлық аудандардан 7 команда қатысуда.
Жарыс 29 қаңтар күні қорытындыланады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/press/news/details/1153908?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау