ҚР Конституция жобасы бойынша талқылау өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған онлайн форматтағы жиын өтті. Жиында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев баяндама жасады.
Кездесу барысында Министр жаңа Конституция жобасы қоғам сұранысын ескере отырып әзірленгенін атап өтті. Сондай-ақ, құжаттың әлеуметтік-еңбек саласына қатысты маңызды тұстарына да тоқталды.
Жиынға Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы С.С. Оразбеков және департаменттің ұжымы қатысты.
Жиын аяқталған соң С.С. Оразбеков жаңа Конституция жобасының маңыздылығын айта отырып, қызметкерлерді түсіндіру жұмыстарына қатысуға шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-enbek/press/news/details/1154101?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version