Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі жұмысқа қабілетті халықтың үлесін арттыру және қызметкерлердің денсаулығын нығайту мақсатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Салауатты жұмыс орындары» жобасын іске асыруда.
Жобаның негізгі мақсаты:
- Қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайларын қалыптастыру;
- Қызметкерлердің физикалық және психологиялық денсаулығын қолдау;
- Еңбек өнімділігін арттыру;
- Ұжымдық мәдениетті дамыту және нығайту.
Салауатты жұмыс орны – бұл:
- Эргономикалық талаптарға сай және қауіпсіз жұмыс кеңістігі;
- Қимыл-қозғалысты ынталандыру (белсенді үзілістер мен жаттығулар);
- Дұрыс тамақтану және жеткілікті су ішу дағдыларын қалыптастыру;
- Қызметкерлердің эмоционалдық әл-ауқатын сақтау.
Салауатты жұмыс ортасы – ел дамуының берік негізі.
Бірлесе отырып, дені сау, бақытты және тиімді жұмыс орындарын қалыптастырайық!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1153867?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау