«Салқын самалдағы күй» тақырыбында қысқы
жұмбақтар мен пазлдар-викторинасы өтті.
Шараның мақсаты — қатысушылардың логикалық
ойлау қабілетін дамыту, қыс мезгілінің
ерекшеліктерін таныту, ұлттық музыка мен
танымдық ойындарды ұштастыру.
Шара барысында ақпарат беруші Абдрахманова
Асемай қатысушыларға қыс тақырыбындағы
қызықты жұмбақтар, танымдық сұрақтар мен
пазлдар ұсынып, викторина барысында
белсенділік танытуға шақырды.
Қатысушылар тапсырмаларды қызығушылықпен
орындап, өзара ой бөлісті.
Танымдық әрі ойын-сауық бағытында өткен
шара қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй
сыйлап, ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндік берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kabanbai/press/news/details/1153258?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау