Табиғи байлық шетелге миллиардтаған теңгеге заңсыз әкетілген

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы қадағалау қызметі барысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактілерін анықтады.

​Осы фактілер бойынша Қарағанды облысының арнайы прокурорлары сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалын жүргізді.

Аудан кәсіпорындардың бірі төрт жыл бойы темір рудасын лицензиясыз заңсыз өндіріп, оны шетелге шығарғаны анықталды.

​Нәтижесінде мемлекетке 2 млрд теңгеден астам шығын келтірілген.

​Үш күдікті қамауға алынып, 500 млн теңгеден астам мүлікке тыйым салынды.

Қылмыстық іс сотқа жіберілді.

#заң_мен_тәртіп #заңментәртіп 

Қарағанды облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-karagandy/press/news/details/1153252?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version