ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Сайрам ауданының орталығы Ақсу ауылында орналасқан «Қайрат» спорт кешенінде волейболдан 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында Түркістан облысының чемпионаты өтті.
Жарысқа облыстың әр өңірінен келген барлығы 14 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Тартысты өткен бәсекенің қорытындысы бойынша 1-орынды Сайрам ауданының командасы иеленді. Жүлделі 2-орын Ордабасы ауданының командасына бұйырды. Ал 3-орынды Түлкібас ауданының командасы місе тұтты.
Чемпионат барысында үздік ойын өрнегін көрсетіп, көзге түскен командалар мен ойыншылар алдағы уақытта Өскемен қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алды.
Аталған жарыс жасөспірімдер арасында волейбол спортын дамытуға, жас спортшылардың тәжірибе жинақтауына және олардың кәсіби шеберлігін арттыруға үлкен мүмкіндік берді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1153622?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version