ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, 3 ақпан күні аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында                 Бөкей ордасы аудандық мәслихатының әлеуметтік саясат, денсаулық сақтау, білім беру, отбасы, балалар мен аналар, экология жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысын аудандық мәслихат депутаты, комиссия төрағасы Асылбек Нұралиев жүргізді. Аталмыш жиынға аудандық мәслихат төрағасы                         Лариса Қайырғалиева, аудан әкімінің орынбасары                                  Азамат Мұхамбетжанов, аудандық мәслихат депутаттары және тиісті сала басшылары, ауылдық округтер әкімдері (офлайн, онлайн)  қатысты. Күн тәртібінде төмендегіше мәселелер қаралды:

  1. Аудандық аурухана есебінде тұрған азаматтарға тегін берілетін дәрі-дәрмектермен қамтылуы және жалпы дәрі-дәрмек қорының жағдайы туралы.

    Онкологиялық және туберкулез ауруларын алдын-алу, ауруларды есепке қою және емдеу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы;

Хабарламашы: Сапаров Ә.А. – аудандық аурухананың бас дәрігері;

  1. Ауданындағы халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау және оңалту шаралары туралы;

Хабарламашы: Дәуленов Д.Ж. – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы;

  1. Жұмыссыздықты жою және жұмыссыздар қатарынан ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы.

Хабарламашы: Оз И.А. – аудандық мансап орталығының директоры.

Тұрақты комиссия отырысында қаралған мәселелер бойынша аудандық мәслихат депутаттарының ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, тиісті сала басшыларына хаттамалық ұсыныстар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bokeyorda-maslihat/press/news/details/1153682?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version