Жаңа Конституция жобасы бойынша онлайн форматта жиын өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаңа Конституция жобасы бойынша онлайн форматта жиын өтті

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған онлайн жиын ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев баяндама жасап, құжаттың негізгі бағыттарына тоқталды.
Министр өз сөзінде жаңа Конституция жобасының қоғамның өзекті сұраныстарын ескере отырып әзірленгенін атап өтті. Сонымен қатар әлеуметтік және еңбек саласына қатысты маңызды өзгерістерге ерекше назар аударды.
Жиынға Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының міндетін атқарушы Н.М. Сейдалиев пен департамент қызметкерлері қатысты.
Кездесу қорытындысы бойынша Н.М. Сейдалиев жаңа Конституция жобасының маңыздылығын атап өтіп, ұжым мүшелерін түсіндіру және ақпараттандыру жұмыстарына белсенді қатысуға шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/trud-zhambyl/press/news/details/1153977?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version