Депутат, Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымы Лариса Викторовна Топорова жұмыс сапарымен Железное ауылына барды.
Сапар барысында ауылдағы екі сауда нысанында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізілді. Дүкен сатушылары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жаңартылған тізбесімен таныстырылды.
Ауылдық кітапханада ауыл тұрғындарымен кездесу өтіп, онда халықты алаңдатқан өзекті мәселелер, сондай-ақ оларды шешу жолдары талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша кітапхана қорына 12 кітап табысталды.
Сонымен қатар медициналық пункт ретінде пайдалануға жоспарланған ғимараттағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Жұмыс сапары аясында ауыл мектебіне де барылып, мектеп директоры Колмакова Шолпан Тоқтарқызы және директордың орынбасары Токушева Гүлнұр Темірболатқызымен бірге мектеп аумағын абаттандыру мәселелері, сондай-ақ балалы отбасыларды тарту және ауылда тұрақтандыру мүмкіндіктері талқыланды.
Жұмыс сапарының соңында азаматтарды жеке қабылдау өткізілді. Барлық түскен өтініштер бақылауға алынды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhambyl-sko/press/news/details/1153526?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау