Ақтау қаласында жол инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазіргі таңда Ақтау қаласының аумағында автомобиль жолдарын күтіп-ұстау және қалпына келтіру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, жауын-шашын мен қардан кейін жол жамылғысын тазалау, сондай-ақ жол таңбаларын қалпына келтіру шаралары қолға алынған.

Сонымен қатар, қала аумағындағы қоғамдық көлік аялдамаларын жуу және санитарлық тазалау жұмыстары да жүйелі түрде жүргізілуде. Аталған жұмыстарға шамамен 80-ге жуық жұмысшы мен 12 бірлік арнайы техника жұмылдырылған.

– Жолдарды қалпына келтіру шаралары жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасау мақсатында кезең-кезеңімен іске асырылуда. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады, — деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы Азамат Койчибаев.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1154783?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version