Ақтауда игерілмеген бірқатар жер учаскелері анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ақтау қаласының аумағында нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылмай отырған бірқатар жер учаскелері анықталды.

Атап айтқанда, 4-шағын ауданда орналасқан аумағы 0,1100 гектарды құрайтын №59/1 жер учаскесі, 11-шағын ауданындағы «Ынтымақ» алаңы аумағындағы 0,3250 гектар жер телімі, 1-шағын ауданда кеңсе ғимаратын жобалау, салу және пайдалану үшін бөлінген 0,0750 гектар жер, сондай-ақ 27-шағын ауданда №19 тұрғын үй маңында орналасқан аумағы 0,0600 гектар жер учаскесі бүгінгі күнге дейін игерілмеген.

– Аталған жер телімдерінің нысаналы мақсатына сай пайдаланылмауы қала келбетіне, инфрақұрылымның дамуына және инвестициялық тартымдылығына кері әсерін тигізуде. Осыған байланысты қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданып, қажетті жұмыстар жүргізілетін болады, – деді Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімінің бас маманы Рамазан Тезекбаев.

Сонымен қатар анықталған жер учаскелері туралы тиісті ақпарат Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаментіне жолданатыны атап өтілді.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1154778?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version