Арал ауданында рейдтік шаралар жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Арал ауданында қоғамдық тәртіпті сақтау, заң талаптарының орындалуын бақылау мақсатында рейдтік жұмыстар жүргізілді. Іс-шараға аудандық экономика және қаржы бөлімі, тиісті бөлімдер мен мекемелердің өкілдері, білім беру ұйымдары, ата-аналар комитеті және полиция қызметкерлері қатысты.
Рейд барысында дүкендер, кафе және компьютерлік ойын-сауық орталықтарында алкоголь өнімдері мен зиянды заттардың заңсыз сатылуы, сондай-ақ кәмелет жасқа толмағандарға қатысты талаптардың сақталуы тексерілді.
Заң бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар бұдан былай да жүйелі түрде жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral/press/news/details/1154447?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version