Астанадағы спорт мектебінде Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасы талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астананың №1 арнайы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасына арналған ақпараттық-таныстырылым кездесуі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараға арнайы спикер ретінде VIII шақырылымдағы Астана қалалық мәслихатының депутаты Давид Лория қатысты. Кездесу барысында ол Конституция жобасына енгізілетін негізгі өзгерістерді егжей-тегжейлі түсіндіріп, ұсынылып отырған бастамалардың елдің саяси жүйесін жетілдіруге, әділ қоғам құруға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғанын атап өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдерге конституциялық өзгерістердің мәні мен маңызын түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыру.

Сонымен қатар, спикер мемлекеттік басқару жүйесін жаңарту, заң үстемдігін нығайту, билік пен қоғам арасындағы ашықтық пен өзара жауапкершілікті арттыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлді. Кездесуге қатысушылар қызықтырған сұрақтарын қойып, талқыланып отырған тақырыпқа өз пікірлерін білдірді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1154921?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version