Бүгін аптаның әр сәрсенбі күні бекітілген кестеге сәйкес аудан әкімі Асқар Естібаев пен аудандық мәслихаттың төрағасы Серғали Сәрсенбаев аудан азаматтарын жеке қабылдап, олардың өтініш-тілектерін тыңдады.
Қабылдау барысында алдын ала жазылған тұрғындар өздерінің жеке мәселелерді ортаға салды.
Азаматтар тарапынан көтерілген негізгі мәселелердің бірі – жайылым тапшылығы. Тұрғындардың айтуынша, жекеге өтіп кеткен, кәсіп ашуға ниетті жер телімдері бүгінде жекелеген азаматтардың меншігінде.
Осыған байланысты аудан басшысы аталған жерлердің құжаттары мен нысаналы мақсатын жан-жақты зерделеуді тапсырды. Егер заң талаптарына сай келмейтін жағдайлар анықталса, жерлерді округ әкімдігінің балансына қайтару бойынша тиісті шаралар қабылданатынын атап өтті. Мәселе көтерілген жер бойынша сол жерге аудан әкімі арнайы барып, зерделеп көретінін айтты. Сонымен қатар, бұл бағыттағы жұмыстарды жауапты сала мамандарына жүктеді.
Сонымен қатар қабылдау барысында тұрғын үйді жекешелендіру, балық шаруашылығын жүргізу үшін жер телімін қарастыру, жұмыссыздық мәселесі, аяқжол (тротуар), көше жарығы және өзге де әлеуметтік сипаттағы мәселелер қозғалды. Барлық өтініштер заң аясында қаралып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Аудан басшылығы тұрғындардың көтерген мәселелері назардан тыс қалмайтынын және олардың кезең-кезеңімен шешілуі қатаң бақылауда болатынын жеткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-tulkubas/press/news/details/1154994?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау